04 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

03.04.24 17:16
/KASE, 03.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 сәуірiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 сәуірiне және одан кейінгі күндерге келетін, AT&T Inc. (АҚШ)US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын KASE-де хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 сәуірiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 сәуірiнен бастап қайта басталады. [2024-04-03]