"Фридом Финанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
02.04.24 17:16
/KASE, 02.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Фридом Финанс" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 дана;
- компанияның 12 781 784 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға FREEDOM HOLDING CORP. болып табылады.
[2024-04-02]