"Phystech II" АҚ акционерлері 2023 жыл үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

01.04.24 15:17
/KASE, 01.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Phystech II" АҚ (Ақтау) KASE-ге 2024 жылдың 29 наурызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер, сонымен қатар, келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жыл бойынша аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту; - 2023 жыл үшін компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуді жүзеге асырмау. Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/PHYS/phys_special_shareholders_meeting_results_290324_234.pdf [2024-04-01]