01 сәуiрден бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

29.03.24 16:41
/KASE, 29.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 01 сәуiрiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 15 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Freeport-McMoRan Inc. (АҚШ) US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 17 сәуiрiнен бастап қайта басталады. [2024-03-29]