28 наурыздан бастап Қазақстан қор Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

27.03.24 17:42
/KASE, 27.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 17 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 17 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 мамырынан бастап қайта басталады. [2024-03-27]