/KASE, 27.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана)
KASE-ге Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 14 наурызындағы шешімімен
Е.К. Молдашев компанияның Басқарма төрағасының орынбасары
лауазымына сайланғаны жөнінде хабарлады.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ
Басқармасы алты адамнан құрылды: А. Б. Әшірбеков, К.К. Сапулатов, М. Е.
Нәбиев, А. Е. Досқараев, М. К. Ысқақов, Е. К. Молдашев.
Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_board_changes_140324_852.pdf
[2024-03-27]