20 наурыз күні KASE-де 2024 жылдың наурыз айында орындалатын фьючерстер жабылды

26.03.24 12:04
/KASE, 26.03.24/ – 2024 жылдың 20 наурызында Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылдың наурыз айында орындалатын келесі фьючерстер бойынша есеп айырысу жүргізілді: - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – HSBK-3.24; - "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – KZAP-3.24; - KASE индексіне, сауда-саттық коды – KX-3.24; - АҚШ долларының теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – US-3.24; - Ресей рублінің теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – RU-3.24. HSBK-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір акция үшін 208,48 теңгені құрады. KZAP-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір акция үшін 18 439,30 теңгені құрады. KX-3.24 бойынша 9 914,0 теңге сомасына 2 мәміле жасалды, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы 4 981,66 пунктті құрады. US-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір АҚШ доллары үшін 450,29 теңгені құрады. RU-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы рубль үшін 4,8850 теңгені құрады. [2024-03-26]