/KASE, 20.03.24/ Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық
жүйесінде Еуразиялық даму банкінің KZ2C00010098 (KASE негізгі алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты BRKZb34) облигацияларын төменде
келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00010098
KASE сауда-саттық коды: BRKZb34
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 50 000 000 000
– орналастырылған (номиналы бойынша): –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналстыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Айналыс мерзімі: 364 күн
Купон мөлшерлемесі: облигацияларды орналастыру
бойынша жүзеге асқан бірінші
сауда-саттықтың нәтижесі
бойынша анықталады
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: actual/365
------------------------------------------ --------------------------------
Сауда-саттық күні: 20.03.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 50 000 000 000
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–13:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–13:30
Кесім уақыты: 14:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 20.03.24, 14:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақстанның Даму Банкі"
---------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің
мәні көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең
немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар
жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы
қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы
қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын
қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb34/.
[2024-03-20]