20 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011038 (EABRb49) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

19.03.24 16:25
/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 наурызынан бастап Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00011038 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb49; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 14.03.24-14.09.27; жылдық купон; жылдық 12,51%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb49/ [2024-03-19]