19 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 наурызда болатын МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

19.03.24 15:50
/KASE, 19.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 26 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 16- шы шығарылымының (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 92,9391 % (кірістілік – жылдық 12,15 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 20 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 наурызда болатын МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1517759/ [2024-03-19]