/KASE, 19.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
26 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-120 17-ші
шығарылымының (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша
арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 93,9904% (кірістілік –
жылдық 11,51 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 26 241 452 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа өлшенген таза
баға номиналдың 94,1401%–. құрады (кірістілік-жылдық 11,44%).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 наурызда болатын
МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1517753/
[2024-03-19]