20 наурыздан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010899 (EABRb48) облигациялары Т+ Тізіміне енгізіледі

19.03.24 14:50
/KACC, 19.03.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 20 наурызынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010899 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb48) облигациялары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-03-19]