20 наурыздан бастап KASE-де Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010899 (EABRb48) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

19.03.24 14:46
/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 наурызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010899 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb48; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 19.03.24-18.03.25; actual/365) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb48/ [2024-03-19]