/KASE, 19.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 18 наурызында
өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, банктің жай және артықшылықты акциялары
бойынша бір акцияға 4 000 теңге мөлшерінде 2023 жылға дивидендтер
төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні –
2024 жылдың 18 наурызы.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_180324_130.pdf
[2024-03-19]