/KASE, 18.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы)
жалғыз акционердің 2024 жылдың 13 наурызындағы шешімімен
компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер
енгізілгені туралы KASE-ге хабарлады:
- шығарылды: Жамаубаев Е.К., Жақсылықов Т.М., Аушарипов Е.С.;
- сайланды: Байбазаров Н.С., Қарағойшин Р.Т.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Байбазаров Н.С., Бахмутова Е.Л.,
Баталов Р.А., Қарағойшин Р.Т., Бөрібаева Г.А.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/FRMP/frmp_board_changes_130324_2024.pdf
[2024-03-18]