18 наурыздан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797JM08 (US120_2404) және US91282CDH16 (US121_2411) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

18.03.24 10:38
/KASE, 18.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 18 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді: 1) дисконттық US912797JM08 (US120_2404; $241 790,0 млн; 12.12.23 – 09.04.24; actual/360); 2) купондық US91282CDH16 (US121_2411; $88 394,0 млн; 15.11.21 – 15.11.24; жарты жылдық купон, жылдық 0,75 %, actual/actual). Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы"Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ [2024-03-18]