/KASE, 18.03.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде биржасында
"ОнлайнКазҚаржы МҚҰ" ЖШС (Астана) KZ2C00010825 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, MFOKb19) облигацияларына жазылу арқылы
оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі –
Сатушы) әрекет етеді.
------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купонные облигации
ISIN: KZ2C00010825
KASE сауда-саттық коды: MFOKb19
Номиналды құны, теңге: 100,00
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 50 000 000
- орналастырылған (номиналы бойынша): –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналстыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналыстың соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеуді бастау күні: кейінірек анықталады
Айналыс мерзімі: 3 жыл (1 080 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 10,00 %
Купондарды төлеу мерзімділігі: ай сайын
Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады
Уақыттық база: 30 / 360
------------------------------------- ----------------------------
Жазылым өткізу күні: 18.03.24
Орналастырудың номиналды көлемі, 2 400 000
теңге:
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–13:00
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 18.03.24, 14:30
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 18.03.24, 14:30
уақыты:
------------------------------------------------------------------
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb19 сілтемесі бойынша жарияланған.
[2024-03-18]