17 сәуірде "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

15.03.24 17:26
/KASE, 15.03.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге мынадай хабарлама берді: дәйексөздің басы "ForteBank" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Банк"), атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) 35-бабы 1-2-тармақтарының, 37-бабы 1-тармағының, 37-бабы 3-тармағының 3)тармақшасының және 41-бабының негізінде Банк Директорлар кеңесінің бастамасымен (2024 жылғы 15 наурыздағы мәжілістің № 5 хаттамасы) шақырылып жатқан Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіндігі туралы өз акционерлеріне хабарлайды. Жиналыс 2024 жылғы 17 сәуірде Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша "Astana" мәжіліс залында (8-қабат), Астана қаласының уақытымен сағат 10.00 бастап өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 17 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін Жиналыс өткізілетін орында жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқы бар Банк акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 26 наурызда Астана қаласының уақытымен сағат 00.00-дегі жағдай бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда жиналыс сол мекенжай бойынша 2024 жылғы 18 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап өткізіледі, күн тәртібі сақталады. Қайтадан өткізілетін жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 18 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі.. * * * Жиналыстың күн тәртібі: 1. Банктің 2023 жыл бойынша жылдық қаржылық есебін бекіту туралы. 2. Банктің 2023 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту туралы, Банктің бір қарапайым акциясына есептегендегі дивидендтің мөлшері туралы. 3. Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл бойынша есеп беруі туралы. 4. Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты акционерлердің шағымдары және олардың қаралу нәтижелері туралы. 5. Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасы мүшелерінің 2023 жыл үшін сыйақыларының мөлшері және құрамы туралы. 6. Банктің Директорлар кеңесі туралы ережеге №3 түзетулерді бекіту туралы. дәйексөздің соңы Хабарламаның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_150324.pdf [2024-03-15]