"BCC Invest" АҚ "ЦентрКредит - ақылға қонымды теңгерім" ИИПҚ KZPF00000231 (BCCIrb) пайларын ұстаушыларға 2023 жылдың желтоқсаны – 2024 жылдың ақпаны аралығында дивидендтер төленгені туралы хабарлады

15.03.24 16:29
/KASE, 15.03.24/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан "ЦентрКредит - ақылға қонымды теңгерім" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы, тақырыбында – "BCC Invest" АҚ) KZPF00000231 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIrb) пайларын ұстаушыларға 2023 жылдың 01 желтоқсанынан 2024 жылдың 29 ақпанына дейінгі кезеңге дивидендтер төлегені туралы KASE-ге хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 107 328 521,38 теңгені құрады, дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін тіркеу күні – 2024 жылдың 29 ақпаны. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BCCI/bcci_dividends_150324_217.pdf [2024-03-15]