/KASE, 15.03.24/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде орналасқан "ЦентрКредит - ақылға қонымды теңгерім"
интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы
болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ
(Алматы, тақырыбында – "BCC Invest" АҚ) KZPF00000231 ("инвестициялық
қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIrb) пайларын ұстаушыларға
2023 жылдың 01 желтоқсанынан 2024 жылдың 29 ақпанына дейінгі кезеңге
дивидендтер төлегені туралы KASE-ге хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 107 328 521,38 теңгені құрады,
дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін тіркеу күні – 2024 жылдың
29 ақпаны.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BCCI/bcci_dividends_150324_217.pdf
[2024-03-15]