2024 жылдың ақпанындағы KASE акциялар нарығына шолу
15.03.24 16:22
/KASE, 15.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың ақпанында
акциялар нарығына шолу жасайды.
KASE Индексінің мәні ақпан айында 12,8 %-ға өсіп, айдың соңына қарай
4 803,18 тармақты құрады.
------------------------------------------------------------
Көлемі,
млрд теңге
29 31 Δ, % Δ, % ------------
ақпан қаңтар ----- ------
c 01.01.24 ақпан қаңтар
------------ -------- -------- ----- ---------- ----- ------
KASE Индексі 4 803,18 4 258,65 +12,8 +14,7 12,55 13,25
------------------------------------------------------------
Ақпан айында акциялармен сауда-саттық көлемі 84,4 млрд теңгені құрап,
қаңтармен салыстырғанда 6 есеге немесе 70,6 млрд теңгеге ұлғайды.
Сауда-саттық көлемінің өсуі бастапқы және қайталама нарықтарда
байқалды. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 4,0 млрд теңгені
(қайталама нарықта – 1,7 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны
– 8 321 мәмілені (қайталама нарықта – 6 593 мәміле), бір мәміленің
орташа көлемі – 483,1 мың теңгені (қайталама нарықта – 254,1 мың теңге) құрады.
Ақпан айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 12,6 млрд теңгені
құрады, бұл қаңтар айындағы көрсеткіштен 696,1 млн теңгеге төмен.
Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның жай
акцияларына – 2,7 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың
жалпы көлемінің 21,6%) тиесілі болды.
--------------------------------------------------------------
Соғы мәміленің бағасы Δ, % Сауда-саттық көлемі,
бір акцияға тегемен млн теңге
------------------------- -------- ----------------------
--------
29 31 Δ, % с ақпан қаңтар Δ, %
ақпан қаңтар 01.01.24
---- --------- --------- ----- -------- ------- ------- ------
CCBN 1 469,03 1 056,00 +39,1 +50,4 1 998,0 324,1 +516,5
KCEL 2 884,00 2 230,00 +29,3 +47,5 615,9 246,5 +149,9
HSBK 198,01 161,27 +22,8 +21,0 2 712,1 1 142,1 +137,5
KEGC 1 490,00 1 392,84 +7,0 +0,5 1 612,1 1 492,1 +8,0
KSPI 46 000,02 43 782,00 +5,1 +0,9 850,6 742,6 +14,6
KZTK 35 712,00 34 050,00 +4,9 +3,5 661,2 2 764,1 -76,1
KZAP 18 660,00 18 360,00 +1,6 +1,1 918,4 1 349,4 -31,9
KMGZ 11 950,00 11 933,15 +0,1 +3,5 2 712,1 4 762,2 -43,1
KZTO 830,00 850,00 -2,4 -4,0 469,4 422,9 +11,0
--------------------------------------------------------------
Ақпан айының қорытындысы бойынша ең жоғары өсімді "Банк
ЦентрКредит" АҚ-ның 39,1% - ға өскен жай акциялары көрсетті. Одан
кейінгі орынға 29,3% өсіммен "Kcell" АҚ орналасты.
Сонымен қатар, жасыл аймақта "Қазақстан Халық банкі" АҚ және
Kaspi.kz АҚ қаржы секторының акциялары болды, олар сәйкесінше 22,8%
және 5,1% бағаны қосты. Осыған қоса, Kaspi.kz АҚ 25 наурыздан
кешіктірмей Лондон биржасынан (LSE) америкалық депозитарлық
акциялардың (ADS) және жаһандық депозитарлық қолхаттардың (GDR)
делистингін жүргізу ниеті туралы жариялады және бұл қаржы нарығының
инвесторлары үшін маңызды оқиға болды. Kaspi.kz. аудиттелмеген
жылдық есептілікке сәйкес компанияның кірісі 51%-ға, таза пайдасы – 44%-
ға, активтері – 33,2%-ға, міндеттемелері – 33%-ға өскен. Бұл ретте
компанияның Директорлар кеңесі акционерлерге акция үшін 850 теңге
мөлшерінде дивидендтер төлеуді ұсынды. Акционерлер жиналысы 2024
жылдың 08 сәуіріне белгіленді.
"KEGOC" АҚ акциялары 2024 жылғы ақпанда 7,0 %-ға өсті. Moody's
Investors Service компанияның "Ваа2" деңгейіндегі рейтингін "позитивті"
болжамымен растады. Сонымен қатар, Fitch Ratings халықаралық рейтинг
агенттігі компанияның ұзақ мерзімді рейтингтерін 2024 жылдың ақпан
айының басында "тұрақты" болжамымен "BBB-" - дан "BBB" деңгейіне
дейін көтерді.
Телекоммуникация секторы да оң динамиканы көрсетті. "Қазақтелеком"
АҚ-ның жай акцияларының бағасы 4,9%-ға өсті
"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның жай акциялары
1,6%-ға өсті. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның 2024 жылға арналған
өндіріс көлемі 21 000 – 22 500 тонна уран деңгейінде жоспарланған.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ акциялары 0,1%-ға өсті. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ
компанияның 2023 жылғы өндірістік нәтижелері туралы хабарлады. Негізгі
өндірістік көрсеткіштерді өткен жылмен салыстыра отырып, келесінің атап
өтуге болады: ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қорлары
(2P) 3,7%-ға ұлғайып, 733 млн тоннаны құрады; мұнай және газ
конденсатын өндіру көлемі 6,9%-ға өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті; мұнай
тасымалдау көлемі 7,6% - ға ұлғайып, 80 359 мың тоннаны құрады.
"ҚазТрансОйл" АҚ жай акцияларының бағасы 2,4%-ға төмендеді.
Компания Ақтау портынан қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемінің
2024 жылғы қаңтарда 287 мың тоннаға дейін өскені туралы хабарлады, бұл
өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 мың тоннаға артық.
2024 жылы компания Германияға 1,2 млн тоннаға дейін қазақстандық
мұнайды жеткізу үшін "Адамова застава" мұнайды тапсыру пунктінің
бағыты бойынша "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары
жүйесі бойынша жөнелтуді жоспарлап отыр.
KASE акциялар нарығы
2024 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 28,3 трлн теңгені (62,6 млрд USD) құрады, бұл өткен
айдағы көрсеткіштен 1,8 трлн теңгеге немесе 6,7% - ға жоғары.
-------------------------------------------------------------
29 ақпан 31 қаңтар Өзг. Өзг., %
----------------------- --------- --------- --------- -------
Капитализация, млрд KZT 28 274,57 26 487,52 +1 787,05 +6,7
Капитализация, млн USD 62 650,00 59 101,49 +3 548,50 +6,0
-------------------------------------------------------------
2024 жылдың 29 ақпандағы жағдай бойынша акциялар нарығын
капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар
бағасының өзгеруі:
-----------------------------------------------------------
Эмитент Бағаның өзгеруі / Өзг., %
(соңғы мәміленің
жасалған күні)
---------------------- ---------------------------- -------
"Банк ЦентрКредит" АҚ 1 469,03 1 056,00 +39,1
(CCBN) (29.02.24) (31.01.24)
"Кселл" АҚ 2 884,00 2 230,00 +29,3
(KCELL) (29.02.24) (31.01.24)
"Қазақстан Халық жинақ 198,01
(29.02.24) 161,27 +22,8
банкі" АҚ (HSBK) (31.01.24)
"БАСТ" АҚ 7 801,11 6 450,00 +20,9
(BAST) (29.02.24) (31.01.24)
"Банк ЦентрКредит" АҚ 1 229,98 1 064,00 +15,6
(CCBN) (29.02.24) (31.01.24)
"Қазақтелеком" АҚ 28 800,00 25 900,00 +11,2
(KZTKp) (29.02.24) (31.01.24)
"ForteBank" АҚ 4,05 3,74 +8,3
(ISBN) (29.02.24) (31.01.24)
"KEGOC" АҚ 1 490,00 1 392,84 +7,0
(KEGC) (29.02.24) (31.01.24)
Kaspi.kz АҚ 46 000,02 43 782,00 +5,1
(KASPI) (29.02.24) (31.01.24)
-----------------------------------------------------------
* кестеде акциялар бағасының + / - 5% - дан асатын өзгерістері келтірілген.
[2024-03-15]