2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Теңіз кен орнынан "Баку- Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағытында мұнай тасымалдау көлемі 232 мың тоннаны құрады

15.03.24 11:21
/KASE, 15.03.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 15 наурызда ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында "ҚазТрансОйл" АҚ Теңіз кенішінен "БакуТбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша 232 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнайды жөнелтті. Осы кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 331 мың тонна мұнай жөнелтілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ нысандарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнайды тиеу көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады, оның ішінде "Баку-Тбилиси-Джейхан" бағыты бойынша 1 млн 057 мың тонна болды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_150324_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150324.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_150324_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-03-15]