"Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ Қазақстан қор биржасына ақпан айында Қазақстанның өңдеу салалары мен қызмет көрсету салаларының PMI индексін ұсынды

13.03.24 10:58
/KASE, 13.03.24/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың ақпанайында Қазақстанның өңдеу салалары мен қызмет көрсету салаларының Purchasing Managers' Index (PMI) индекстерін ұсынды. Төменде S&P Global Market Intelligence экономикалық мәселелер жөніндегі директоры Эндрю Харкер мен S&P Global Market Intelligence экономисі Мариам Балучтың шолулары берілген. - Қазақстанның өңдеу салаларының индексі бойынша: "Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі PMI зерттеуінің өзекті нәтижелері жағдайды жақсартуға үміттенуге негіз береді. Сонымен, жаңа тапсырыстардың жаңарған ағыны алдағы айларда өндіріс көлемі ұлғая бастайды деген оптимизмді оятады. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту деңгейінде, ресурстарды жеткізуде және шығындардың өсуінде қиындықтар бар – бұл факторлар өсуді шектейді және өндіріс көлемінің төмендеуіне ықпал етеді". - Қазақстанның қызмет көрсету саласының индексі бойынша: "Жылдың бірінші тоқсанының ортасында Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы экономикалық жағдайлар нашарлады. Елді шарпыған соңғы қатты аяз, сондай-ақ негізгі сұраныс тенденциясының әлсіздігі көрсеткіштердің өсуін тоқтатты. Осыған қарамастан, сауалнамаға қатысқандар арасында алдағы жылға деген үміт жоғары болып қала береді. Бұл ағымдағы құлдырау алдағы айларда аяқталады деп үміттенуге негіз береді. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық-кредиттік саясатын жақында лықтандыру да сұранысқа пайдалы әсер етуі мүмкін". Шолулар KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/ru/pmi-indicator/ – орыс тілінде; - https://kase.kz/en/pmi-indicator/ – ағылшын тілінде. [2024-03-13]