/KASE, 13.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана)
жалғыз акционердің 2024 жылдың 29 ақпанындағы шешімімен холдингтің
Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге
хабарлады:
- шығарылды: Смайылов Ә.А., Жамаубаев Е.К., Қуантыров Ә.С.,
Байбазаров Н.С.;
- сайланды: Бектенов О.А., Байбазаров Н.С., Такиев М.Т.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы
холдингі" АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады: Бектенов О.А.,
Ерғалиев Ә.А., Скляр Р.В., Байбазаров Н.С., Такиев М.Т., Шарлапаев Қ.Б.,
Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар, Манфред Грундке.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_board_changes_290224_1101.pdf
[2024-03-13]