25 сәуірде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

12.03.24 19:09
/KASE, 12.03.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы), KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 35 бабына, 37 бабының 1 тармағына және 3 тармағының 3) тармақшасына және 41 бабына сәйкес «Қазақстан Халық Банкі¬ АҚ-ның Директорлар кеңесі жиналысты шақырудың бастамашысы ретінде 2024 жылғы 25 сәуірде акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен, сырттай дауыс беру арқылы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) өтетіні туралы хабарлайды. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімі жүйесінің 2024 жылғы 25 наурыздағы жағдайының деректері бойынша құрылады. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі: 1. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. 2. 2023 жылға тәуелсіз аудиторлардың есебін ескере отырып, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін бекіту туралы. 3. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның 2023 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдау. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту. 4. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы өз қызметі туралы есебін қарау туралы. 5. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістерді бекіту туралы. 6. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерін "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы жөнінде хабардар ету туралы. 7. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің "Қазақстан Халық Банкі" АҚ- ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініш-шағымдары мен оларды қарастырудың қорытындылары жөнінде мәселені қарау туралы. дәйексөздің соңы Көрсетілген жиналысты өткізу туралы хабарлама орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_120324_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_120324.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_120324_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-03-12]