/KACC, 12.03.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 13 наурызынан бастап ішінара қамтамасыз ету
шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор
нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму
банкінің KZ2D00010873 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздары" секторы, EABRb46) облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2024-03-12]