13 наурыздан бастап "SilkNetCom" ЖШС KZ2P00008394 (SNCQb1) облигациялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды

12.03.24 10:24
/KASE, 12.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2024 жылдың 12 наурызындағы шешімімен "SilkNetCom" ЖШС (Астана) KZ2P00008394 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SNCQb1; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 12 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) KASE ресми тізімінен шығарылды. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім "SilkNetCom" ЖШС-нің KASE ресми тізімінен көрсетілген облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған облигациялар 2022 жылдың 07 ақпанынан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық ашылған жоқ. [2024-03-12]