13 наурыздан бастап "SilkNetCom" ЖШС KZ2P00008394 (SNCQb1)
облигациялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен
шығарылды
12.03.24 10:24
/KASE, 12.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік
комиссиясының 2024 жылдың 12 наурызындағы шешімімен
"SilkNetCom" ЖШС (Астана) KZ2P00008394 облигациялары (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SNCQb1; 1 000 теңге, 50,0 млрд
теңге; 12 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) KASE ресми
тізімінен шығарылды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 13 наурызынан бастап
күшіне енеді.
Бұл шешім "SilkNetCom" ЖШС-нің KASE ресми тізімінен көрсетілген
облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған облигациялар 2022 жылдың 07 ақпанынан бастап баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Олармен сауда-саттық ашылған жоқ.
[2024-03-12]