04 наурыздан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008738 (KFUSb43) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

04.03.24 14:26
/KASE, 04.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 наурызынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008738 (KFUSb43) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады. 2024 жылдың 04 наурызынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 55 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда ("таза" бағалар бойынша) олардың бағалары бойынша есептелетін, баға индексі. Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-03-04]