04 наурыздан бастап төрт атаудағы облигациялар Т+ тізіміне енгізіледі

01.03.24 14:42
/KACC, 01.03.24/ – KASE клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 04 наурызынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген Қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) келесі облигациялар енгізіледі: 1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ KZ2C00010304 облигациялар (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb9); 2) Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2754484439 халықаралық облигациялары ("Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe22); 3) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00009462 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb54); 4) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00010726 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb69). Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-03-01]