/ҚАЙТАЛАУ/ 29 ақпанда "KASE Global" секторында бағалы қағаздармен
сауда-саттық AST 17:30-ға дейін өткізілетін болады
29.02.24 15:03
/KASE, 29.02.24, 23.02.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2024 жылдың 29 ақпанында "KASE Global" секторында шетелдік
эмитенттердің бағалы қағаздарымен үздіксіз қарсы аукцион әдісімен сауда-
саттық, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі
туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың
23 қарашасындағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2024 жылдың 19 қаңтарындағы № 20 қаулысына
сәйкес 2024 жылдың 01 наурызында сағат 00:00-ден Қазақстанның бірыңғай
уақытқа ауысуына байланысты Астана қ. уақытымен (AST) сағат 11:30-дан
17:30-ға дейін өткізілетінін хабарлайды.
[2024-02-29]