/KASE, 29.02.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың
27 ақпанында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын
(KZKD00001244, MUM084_0019) орналастыру арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізілді.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2024 жылдың 29 ақпанында облигацияларды орналастыру бойынша
мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі
30 203 320 000,0 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 27 ақпан күні Қазақстан қор
биржасында 30,0 млн МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын (KZKD00001244,
MUM084_0019) өтеуге кірістілігі жылдық 11,90 %-бен орналастырды"
тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/news/show/1516833/
[2024-02-29]