/KASE, 28.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Алтын Сапа ALM" ЖШС (Алматы) KASE-ге
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
2024 жылдың 26 ақпанында тіркеген өзгерістермен KZ2P00009962
облигациялар шығару проспектісін (KASE баламалы алаңы, "облигациялар"
санаты, ALSPb1; 1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 05.09.23-05.09.25; жылдық
купон, жылдық 25,00%; 30/360) және бұрын берілген құжатты ауыстыратын
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- куәлік облигациялардың айналыс мерзімінің өзгеруіне, купондық
сыйақыны төлеу мерзімділігінің және облигацияларды сатып алу
құқығын іске асыру шарттарының өзгеруіне байланысты ауыстырылды;
- купондарды төлеу мерзімділігі жылына бір реттен жылына екі ретке
өзгерді;
- облигациялардың айналыс мерзімі екі жылдан үш жылға өзгерді.
Өзгертулер енгізілген облигациялар шығарылымының проспектісі мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/emitters/ALSP/alspf9_ALSPb1_izm_260224.pdf
[2024-02-28]