28 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049 (M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

28.02.24 09:17
/KASE, 28.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 ақпанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 15 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049 ("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 наурызынан бастап қайта басталады. [2024-02-28]