28 ақпаннан бастап "Teniz Capital Investment Banking" АҚ-на "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KEGC) жай акциялары бойынша KASE маркет- мейкер мәртебесіне ие болды

27.02.24 17:46
/KASE, 27.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 28 ақпанынан бастап "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) өтініші негізінде "KEGOC" АҚ-ның (Астана) KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесі берілді. [2024-02-24]