01 наурыз күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның 25,0 млн KZ2C00010551 (KFUSb66) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

27.02.24 12:25
/KASE, 27.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 01 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00010551 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb66) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00010551 KASE сауда-саттық коды: KFUSb66 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 30 000 000 000 – орналастырылған (номиналы бойынша): – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналыс мерзімі: 360 күн Купон мөлшерлемесі: жылдық 12,50 % Купонды төлеу мерзімділігі: айналым мерзімінің соңында 1 рет Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------ --------------------------------- Сауда-саттық күні: 01.013.24 Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 25 000 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 01.03.24, 14:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты кесімді бағаға тең немесе сатушы шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру үшін ұтымдырақ болатын тәсілі: қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ ---------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/membership Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb66/ [2024-02-27]