/ҚАЙТАЛАУ/ 29 ақпанда "KASE Global" секторында бағалы қағаздармен сауда-саттық AST 17:30-ға дейін өткізілетін болады

26.02.24 09:32
/KASE, 26.02.24, 23.02.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 ақпанында "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен үздіксіз қарсы аукцион әдісімен сауда- саттық, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 23 қарашасындағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылдың 19 қаңтарындағы № 20 қаулысына сәйкес 2024 жылдың 01 наурызында сағат 00:00-ден Қазақстанның бірыңғай уақытқа ауысуына байланысты Астана қ. уақытымен (AST) сағат 11:30-дан 17:30-ға дейін өткізілетінін хабарлайды. [2024-02-26]