/KASE, 23.02.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
23 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС (50% "ҚазТрансОйл" АҚ және 50% China
National Oil and Gas Exploration and Development Corporation иеглігінде) 540
млн АҚШ доллары мөлшерінде Industrial and Commercial Bank of China
(ICBC) қарызын мерзімінен бұрын өтеді.
2004-2008 жылдары "Атасу - Алашаңқай" және "Кеңқияқ - Құмкөл"
магистральды мұнай құбырларының құрылысын қаржыландыру үшін
"Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС халықаралық коммерциялық банктерден
жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ доллары көлемінде қарыз қаражатын тартты.
2018 жылы Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) компаниясымен
несие шартын жасасу арқылы 540 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз
қалдығын қайта қаржыландыру жұмысы жүргізілді.
Қарызды мерзімінен бұрын өтеу нәтижесінде "Қазақстан-Қытай Құбыры"
ЖШС сыйақы бойынша шығыстарды 1,73 млн АҚШ долларына (796 млн
теңге) азайтты.
"Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС "Кеңқияқ - Құмкөл" және "Атасу -
Алашаңқай" магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді. Бұл мұнай
құбырлары "Қазақстан - Қытай" магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің
бөлігі болып табылады және 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты
дамыту туралы негіздемелік келісім шеңберінде салынған.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемиесінің толық нұсқасы:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_230224_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_230224.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_230224_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-02-23]