/KASE, 22.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Ел Орда Арнау" ЖШС (Астана) KZ2P00009996
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, EOARb1; 1 000 теңге,
5,0 млрд теңге; 05.09.23-05.09.25; жылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360)
облигацияларының шығарылым аңдатпасын 2024 жылдың 21 ақпанында
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
өзгерістермен тіркеген және бұрын берілгеннің рнына берілген
облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін KASE-
ге ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- куәлік облигациялардың айналым мерзімінің өзгеруіне, купондық
сыйақыны төлеу мерзімділігінің және облигацияларды сатып алу
құқығын іске асыру шарттарының өзгеруіне байланысты ауыстырылды;
- купондарды төлеу мерзімділігі жылына бір реттен жылына екі ретке
өзгерді;
- облигациялардың айналым мерзімі екі жылдан үш жылға өзгерді.
Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасы мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/files/emitters/EOAR/eoarf9_EOARb1_izm_210224.pdf
[2024-02-22]