/KACC, 21.02.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен
2024 жылдың 23 ақпанынан бастап жартылай қамтамасыз етумен мәмілелер
бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қор нарығының
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) мынадай облигациялар
енгізілетін болады:
1) Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2733527670 халықаралық
облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EBRDe21);
2) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009628 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb40) облигациялары;
3) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010766 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb43) халықаралық
облигациялары;
Сондай-ақ, KACC Басқармасы 2024 жылдың 23 ақпанынан бастап жоғарыда
аталған облигацияларды GCGlobalSec клирингілік қатысу сертификатын
(КҚС) шығарудың General мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы
құралдарының тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
GCGlobalSec КҚС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы
құралдарының тізбесі мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/repo/
[2024-02-21]