20 ақпаннан Қазапқстан қор биржасында The Select Sector SPDR Trust US81369Y3080 (XLP_KZ) және US81369Y8865 (XLU_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады

19.02.24 17:59
/KASE, 19.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 ақпанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 19 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін The Select Sector SPDR Trust (АҚШ) US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) және US81369Y8865 ("KASE Global" секторы, XLU_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 19 наурызында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қайта басталады. [2024-02-19]