/KASE, 16.02.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Шұбаркөл Көмір" АҚ (Қарағанды) 2024 жылдың
22 наурызында сағат 12:00-де оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы
жиналысы басталатынын, күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "ірі мәмілеге
өзгерістер енгізу туралы" мәселесі болып табылатынын KASE-ге хабарлады.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_special_shareholders_meeting_info_200324_37.pdf
[2024-02-16]