Бүгін Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС KZ2P00010952 (MFBLb3) облигацияларына жазылым жүргізіледі

15.02.24 09:00
/KASE, 15.02.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00010952 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFBLb3) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. ------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздардың түрі: купонные облигации ISIN: KZ2P00010952 KASE сауда-саттық коды: MFBLb3 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: - тіркелген: 2 200 000 000 - орналастырылған (номиналы бойынша): – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналстыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні Айналыстың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеуді бастау күні: кейінірек анықталады Айналыс мерзімі: 360 күн Купон мөлшерлемесі: жылдық 24,00 % Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 4 рет Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақыттық база: 30 / 360 ------------------------------------- ---------------------------- Жазылым өткізу күні: 15.02.24 Орналастырудың номиналды көлемі, 400 000 000 теңге: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 15.02.24, 14:00 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 15.02.24, 14:00 уақыты: ------------------------------------------------------------------ Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb3/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2024-02-15]