/KASE, 13.02.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
15 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 16-
шы шығарылымының (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 92,9686 % (кірістілік –
жылдық 12,15 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 36 204 442 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 15 ақпанда болатын
МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1516052/
[2024-02-13]