/KACC, 13.02.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен
2024 жылдың 14 ақпанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында
орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне
(Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010865 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb45) дисконттық облигациялары
енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2024-02-13]