KASE Листингтік комиссиясы "Olivia Stroy" ЖШС KZ2P00010945 (OLSTpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

12.02.24 15:22
/KASE, 12.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2024 жылдың 12 ақпанында "Olivia Stroy" ЖШС (Астана) KZ2P00010945 (1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 25,00 %; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға OLSTpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-02-12]