KASE Листингтік комиссиясы "Olivia Stroy" ЖШС KZ2P00010945
(OLSTpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
12.02.24 15:22
/KASE, 12.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы
2024 жылдың 12 ақпанында "Olivia Stroy" ЖШС (Астана) KZ2P00010945
(1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 25,00 %;
30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға OLSTpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-02-12]