09 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Эйр Астана" АҚ-ның KZ1C00004050 (AIRA) жай акцияларымен нарық алдындағы сауда- саттық ашылады

09.02.24 16:45
/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 ақпанында Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:30-дан бастап (AST) брокерлік ұйымның өтініші бойынша KASE сауда-саттық жүйесінде "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларымен (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) пре-маркет шегінде сауда-саттық ашылатыны туралы хабарлайды. 09 ақпанда сауда-саттық AST 17:30-дан 22:00-ге дейін өткізіледі. 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап аталған акциялармен сауда-саттық қор нарығындағы сауда-саттық регламентіне сәйкес AST 11:30-дан 17:30-ға дейін өткізілетін болады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықты ашудың бастамашысы "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ болды. KASE-де көрсетілген акциялармен негізгі сауда-саттықтың ашылу күні мен уақыты туралы қосымша хабарланатын болады. KASE эмитенттің хабарламасына сәйкес бастапқы жария ұсыныс (IPO) шеңберінде KZ1C00004050 бір жай акциясы үшін орналастыру бағасы бір акция үшін 1 073,83 теңге мөлшерінде белгіленгенін еске салады. [2024-02-09]