2024 жылдың қаңтарында Ақтау порты арқылы қазақстандық мұнай экспортының көлемі 287 мың тоннаны құрады

09.02.24 14:34
/KASE, 09.02.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 09 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2024 жылдың қаңтарында Ақтау порты арқылы тасымалданған қазақстандық мұнай экспортының көлемі 287 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 мың тоннаға артық. Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портына қарай мұнай тасымалдау көлемі 60 мың тоннаға артып, 116 мың тоннаны құрады. Ақтау портынан Махачкала портына 171 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2023 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 17 мың тоннаға артық. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырған. Осы тапсырмаға сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан "Баку – Тбилиси – Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылған: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_090224_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_090224.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_090224_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-02-09]