/KASE, 08.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
08 ақпанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында
Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010857 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb44; 1 000 теңге, 50,0 млрд
теңге; 161 күн; actual/365) дисконттық облигациялары бойынша мынадай
ақпараттың өзгергені туралы хабарлайды:
- айналыстың басталу күні 2024 жылдың 22 қаңтарынан 2024 жылдың
23 қаңтарына өзгертілді.
08 ақпаннан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта
басталды, олар 2024 жылдың 02 ақпанынан бастап тоқтатылған болатын.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер
өзгерістермен орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/EABR/eabrf9_eabrb44_05022024.pdf
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2024 жылдың 02 ақпандағы
"02 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің
KZ2D00010857 (EABRb44) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды"
тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1515614/
[2024-02-08]